Жел күшейіп, бұрқасын соғады: 24 қараша күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 24-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жел күшейіп, бұрқасын соғады: 24 қараша күнгі ауа райы болжамы

24 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыс антициклон жоталарының ықпалымен республиканың солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен боран соағып, қар жауады.

Республика бойынша желдің күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, елдің орталығында тұман түсіп, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.