Жел салдарынан Ертіс алқабындағы шыбын дернәсілдерін әуеден улау кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Ертіс алқабындағы шыбын дернәсілдерінің көбейіп жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .  
None
None

«Биылғы жылы жаңа көпір өткелінің құрылыс жұмыстары салдарынан Кенжекөл ауданындағы Ертіс өзенінен су жайылу аумағы ұлғайған», - дейді энергетика және ТҮКШ басқармасының тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің басшысы Зульфия Жармағамбетова. «6-9 мамыр аралығында тапсырыс беруші мердігер ұйымдармен және ғалымдармен бірге қансорғыштарды улау мақсатында Ертіс алқабын тікұшақпен аралап шыққан болатын. Алайда желдің 15-20 м/с-на дейін күшеюі нәтижесінде әуеден жасалатын улау жұмыстары 11-12 мамырға шегерілді».

Еске салайық, биыл Павлодар облысында 2016 жылмен салыстырғанда төрт есе көп қаржы бөлінген. Масаға қарсы күрес жұмыстары алғаш рет 22 сәуірде басталған. Мамандар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары аумағында дезинфекциялық өңдеуді бастаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар