Жел, тұман, көктайғақ - Қазгидрометтің 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жел, тұман, көктайғақ - Қазгидрометтің 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді.

Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.