Жел, тұман, көктайғақ – жексенбідегі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 сәуірде, жексенбі күні елімізде жел күшейіп,тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, кей өңірлерде жауын-шашын түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жел, тұман, көктайғақ – жексенбідегі ауа райы

Қазақстанның шығыс жартысы антициклон ықпалында болғандықтан, күн райы ашық болады. Еліміздің батысына циклон жырасы ығысады, соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікке қатты жаңбыр алып келеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, түнде көктайғақ болады, оңтүстігінде жел 16 м/с күшейеді.

Ертең күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.