Жел үзген электр сымы екі адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кездейсоқ жолаушылар Мәскеу түбіндегі Балашиха қаласында жел үзіп кеткен электр сымына соғылып, ажал құшты.
Келеңсіз жағдай Черняховский көшесінде болған. Мұнда сұрапыл жел электр желісінің бір бөлігін үзіп кеткен. Үзілген электр сымын осы маңнан өтіп бара жатқан екі адам байқамаған. Қазіргі уақытта мерт болған жандардың кім екендігін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, РФ ТЖМ Орталық Ресейде ауа райының күрт нашарлайтындығы жөнінде ескерткен болатын. Ал Мәскеуде нөсер жаңбыр құйып тұр. Сондай-ақ жел күшейіп, найзағай жарқылдауда. Мұндай ауа райы 15 тамызға дейін жалғаспақ.