Жел, жаңбыр: ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды ескертті. 

Елорда
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

«Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз. Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі «109» қызметіне хабарласыңыз», - деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Астана әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта қаланың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.