Жел, жаңбыр, бұршақ - 16 маусымға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, ел аумағының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жел, жаңбыр, бұршақ - 16 маусымға арналған ауа райы

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, назағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 25 м/с күшеюі күтіледі, найзағай ойнап, Қостанай облысында бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 18 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай жарқылдауы мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.