Железин ауданы 300 жылдық мерейтойын жаңа жағалаумен қарсы алады - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Железин ауданы 300 жылдық мерейтойын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында салынған жаңа жағалаумен қарсы алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Железин ауданы 300 жылдық мерейтойын жаңа жағалаумен қарсы алады - Павлодар облысы

Жаңа демалыс орнын қарағандылық «Асар-KZ» фирма «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 34 миллион теңгеге салған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар мен 38 жарықшам орнатылған.

"Күн жылығаннан кейін спорттық және балалар алаңы, гүлзарлар пайда болады", - дейді аудан әкімінің орынбасары Қанат Қамалиденов.

Әлбетте, жаңа жағалау тұрғындардың сүйікті орнына айналары сөзсіз.