Железинде кісі өлтіріп, сотталып шыққан адам жылдар бойы балабақшада жұмыс істеген

балабақша
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық ауруы бар адамдардың білім беру ұйымдарында жұмыс істегені анықталды. 

Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы жоғарыда аталған адамдардың жұмыстан шығарылуына себепші болды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы кәмелетке толмаған 500-ден астам баланың құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар