Желіде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың түрмедегі суреті пайда болды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Дональд Трамп Джорджия штатының Атланта қаласына келіп, жергілікті билікке өзі берілді. Оны қамауға алып, түрме тізіміне тіркеді. Оған 2020 жылы штаттағы сайлау нәтижелерін жойғысы келді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Желіде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың түрмедегі суреті пайда болды

Осылайша Трамп магшот жасаған, яғни түрме суретіне түскен жалғыз АҚШ-тың экс-президенті атанды.

Ол Атланта түрмесінен шығу үшін 200 000 доллар (160 000 фунт стрелинг) көлемінде кепіл төлеуге мәжбүр болды. Қазір сотты күтіп отыр.

Содан кейін ол бұл істі «әділ сотқа пародия» деп атады.

Трамп кейінгі бес айда төртінші рет тұтқындалып тұр.

2021 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет Ақ үйдің бұрынғы басшысы Twitter деген атпен танымал болған Х әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Ол өзінің веб-сайтының мекенжайын жазып, түрмедегі суретін жүктеді. Суретке қосымша бас әріптермен «Сайлауға араласу. Ешқашан берілмеңіз!» деп жазды.

Кей басылымдар экс-президент Трамптың бұл суреті тарихқа енеді деп жазды. «Бұл суретті жақын арада кофе саптыаяғынан, қалпақ, жейде және басқа да біртүрлі тауарлардың сыртынан көретініңізге сенімдімін», - деп жазды CNN журналисі.

Магшоттар Элвис Пресли, Фрэнк Синатра, Аль Капоне және д-р Мартин Лютер Кинг-кіші сынды танымал америкалық қоғам қайраткерлерінде болған.

Трамп полицияда шамамен 20 минуттай болды. Көшеде оның ондаған жақтасы жиналды.

Үйіне кетпес бұрын ол әуежайда журналистерге дауыс беру нәтижесіне келіспеуге құқылы екенін айтты.

Өткен аптада Трампқа басқа да 18 айыпталушымен бірге Байденнен 12 000 дауысқа жеңілгені белгілі болғаннан кейін Джорджия штатындағы сайлау нәтижелеріне араласпақ болды деген айып тағылды.

Трампқа тағылған 13 айыптаудың ішінде бопсалау, лауазымды тұлғаны антын бұзуға арандату, жалған куәлік беру бар.

Трамп өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарады.