Желіде Дондағы Ростовта Boeing ұшағының құлаған сәті түсірілген кадрлар пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтор желісінде Дондағы Ростовта әуе кемесінің құлаған сәті түсірілген кадрлар пайда болды. Алдын шамалау бойынша, бұл -бүгін апатқа ұшыраған Boeing жолаушылар ұшағы.
Видеодағы ұшақ әуеде күрт төмендеп, ағаштардың артында көрінбей қалған, одан кейін қатты жарылыс болып, құлаған жерден түтін шықты.
Дубайдан бағыттап келе жатқан Boeing 738 жолаушылар ұшағы Дондағы Ростов қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының сол жағында құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 3:40-та орын алған. Әуе кемесінің бортында 61 адам болды (55 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі). Жолаушылардың арасында төрт бала болды, деп жазады РИА Новости.