Желіде GGG-ді бейнелеген әскерилер қатары пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде GGG-ді бейнелеген әскерилер қатары пайда болды. Әскери бөлімдердің бірінде түсірілген видеороликте сарбаздар GGG-ді бейнелей сап түзеген.

Желіде  GGG-ді бейнелеген әскерилер қатары пайда болды

Бұл аббревиатура атақты спортшы Геннадий Головкиннің аты-жөнінің алғашқы әріптері екендігі белгілі.

Еске сала кетсек, 17 қазанда Нью-Йоркте орта салмақта WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин осы салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы канадалық Давид Лемьемен кездеседі.