07:41, 28 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Желіде Головкин мен Альварес туралы мультфильм жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс тақырыбында мультфильмдер шығарумен айналысатын суретші Моджахед Фудаилат өзінің Youtube-каналында бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Оның туындысы Лас-Вегаста өткен Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне, нақтырақ айтсақ кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне арналған. Ол жерде «Канело» салмақтың шекті лимиті 160 фунт бола тұра 163 фунт салмақты көрсетіп, содан кейін комиссиядан мұны байқамағансуын сұрайды.
Еске сала кетейік, шынайы салмақ өлшеу кезінде екі боксшының салмағы да 160 фунт болған.