09:22, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
Желіде Ислам-Кук айқасының жаңа промо-ролигі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Қанат Ислам - Брэндон Кук айқасының жаңа промо-ролигі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 аясында «Сарыарқа» велотрегінің алаңында бокс кеші өтеді. Жеңіліп көрмеген қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың айқасы - басты оқиға болады. Бокс шоуының билет құны 2 000, 5 000, 7 000 және 10 000 теңге.
Сол бокс кешінің андеркартына шығатын отандық боксшылар: 1. Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), 2. Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), 3. Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), 4. Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), 5. Әли Ахметов (7-0, 5КО), 6. Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), 7. Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО), 8. Нұрсұлтан Жанабаев (2-0, 1КО).