Желіде кесіртке мен улы жыланның айқасы танымал болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде улы жылан шабуылынан гекконның аман құтылып кету сәтін бейнелейтін видео жарияланды, деп жазады Daily Mail.

Роликті Бангкок тұрғыны Тонг Фуллер түсірген. Ер адам бауырымен жорғалаушылардың айқасына араласпауды жөн көрген. Видеода қарапайым жылан кесірткені орап алып, оған уын шаша бастайды. Сол сәтте геккон ораған жыланнан құтылып шығады. Жылан тағы да шабуыл жасамақшы болғанда, кесіртке оның соққысынан аман қалады.

Фуллер геккон үшін қуанғанын жасырмады - оның айтуынша, жылан қорегін жеуге тиіс болған, алайда кесіртке одан айласын асырып кеткен.

«Оның уақыты әлі келмеген», - деді куәгер журналистерге. 

Соңғы жаңалықтар