Желіде ұшақтың автобанға шұғыл қонған сәтінің видеосы пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хорватияда шағын ұшақ шұғыл жағдайда автомагистральға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Екі адам мінген жеңіл моторлы ұшақ хорват астанасы Загребті теріскейдегі Риека қаласымен жалғайтын автобанға қонған.

Құтқарушылардың айтуынша, Cessna модельді ұшақтың шұғыл түрде жолға қонуына техникалық ақау себеп.

«Ұшақ бортында бір әйел және инструктор болған. Абырой болғанда, олардың ешбірі жарақат алмаған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram