Желіккен Панама жастары биік үйлерден секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Панамада шексіз адреналинге әуес жандар 250 метрлік White Tower үйінен парашютпен секіріп, қауіпті әрекеттерімен елді елең еткізді, деп жазды «Росбалт».
Бейнежазбада олар ғимараттың шатырынан жағажайға қарай тартылған ұзындығы 600 метрлік екі арқанмен ортасына дейін сырғанап барып, үзіліп түседі де парашютпен жерге түседі. Әлеуметтік желідегі видеоны қазіргі уақытта 1 млн. үстінде адам тамашалаған.
Бұл идеяны жүзеге асыруды 31 жастағы экстремалды-киногер Дэвин Грэм бастаған.
Ол көпшілікке DevinSuperTramp есімімен танымал екен.