Желтоқсан айында республикалық театрлар 53 мыңға жуық көрермен қабылдады

53 мың көрермен
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Республикалық театрлар Жаңа жылдық мереке аясында 141 шара өткізіп, 53 мыңға жуық көрерменді, оның ішінде қайырымдылық негізде 3,8 мың көрерменді тегін  қамтыды. Kazinform бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры жаңа жыл қарсаңында 2023 жылдың 28-29 желтоқсан күндері «Контрабас. Жалғыздық. Жаңа жыл түні» моно драмасының премьерасы 2 рет көрсетіліп, 1 424 көрерменнің назарына ұсынылды. 

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жсөспірімдер театрында 22 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында балаларға арналған «Аяз атаның сиқырлы циркі» атты жаңа жылдық қойылым мен мерекелік шырша бағдарламасы 31 рет көрсетіліп, оған 9 300 бала қатысты.

Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрында 20-30 желтоқсан аралығында «Жаңа жылдық калейдоскопы» атты 31 спектакль көрсетілді, оның ішінде «Sats Social Day» әлеуметтік жобасы аясында 4 қайырымдылық спектакль көрсетілді.

Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрында 22-30 желтоқсан аралығында «Пламенное сердце», «Здравствуй, Герда, Новый год» қойылымдары 26 рет көрсетіліп, 13 мыңнаң астам көрерменді қабылданды.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында президенттік шыршаға қатысқан балалар «Золушка» қойылымын тегін тамашалады. Сонымен қатар 3 мыңнаң астам көрермен «Астана Опера» театрының балалар балет студиясының «Новогоднее конфетти» концерті мен С.Прокофьевтің «Золушка» балетін тамашалай алды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жаңа жылдық мереке аясында «Летучая мышь» опереттасы, «Щелкунчик» балеті, «Золушка» операсы сияқты 7 қойылымды 5 мыңға жуық көрермен тамашалады.

«Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балетін 3 мыңға жуық көрермен көрді.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жаңа жылдық мереке қарсаңында көрермен назарына Қ.Жиенбайдың «Патша көңілім, не дейсің?» комедиясы ұсынылды. Екі күн ішінде қоылымды 1 200 адам тамашалап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар