Желтоқсан айында 20 мың теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат - 20 мың теңгелік жаңа банкнот Григорий Марченконың қолымен шығатын болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтты.

Желтоқсан айында 20 мың теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
«Жаңадан шығатын әр банкнот 7-8 ай бұрын дайындалады. Ал 20 мың теңгелік жаңа банкнот туралы бұрынғы төраға ҚР Президентіне жарты жыл бұрын баяндаған болатын. Қазір оны жалғастырып жатырмыз, ол желтоқсан айында шығатын болады», - деді Қ.Келімбетов. Бас банкирдің айтуынша, банкноттар кем дегенде тек келесі жылдың екінші жартысынан кейін ғана шығуы мүмкін. Жалпы жаңа банкнотаның шығуы теңге бағамына әсер етпейді. Одан астар іздеп, теңге девальвациясы туралы алыпқашты әңгімеге сенуге еш негіз жоқ. 20 мыңдық банкноттың таралымы шектеулі болады. Ол туралы толық ақпарат сол кезде айтылатын болады.