«Желтоқсан» қозғалысының өкілі кезектен тыс Президент сайлауына қатыспайтын болды
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Президенттікке үміткер Құрманғазы Рахметов өзінің кандидатурасын алып тастады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.
Аталмыш азаматты сайлауға «Желтоқсан» республикалық халықтық патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Ол сондай-ақ Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан да сүрінбей өткен болатын.