Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға құрмет көрсетілді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазалылық азаматтармен кездесіп, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.
None
None

 «Сіздер Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухы күшті, өр, намысты халық екендігін айдай әлемге таныттыңыздар. «Ер есімі - ел есінде» дегендей, Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазалының сол кездегі 17-18-дегі өрімдей жастары, бүгін кемел жасқа келдіңіздер. Әр салада қызмет етіп, ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жатырсыздар»,-деді аудан әкімі.

Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар А.Қожақова, Ұ.Алматова, Ж.Нұрмашева, А.Машай желтоқсандықтарға аудан басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар