Желтоқсанда Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғақ жиі болады
Желтоқсан айында Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғақ жиі болады. Мұндай деректі Қазгидромет ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.
Мекеме мәліметінше, желтоқсанда Ақмола облысында ауаның орташа айлық температурасы -9,8-12,2°С болады. Бұл нормадан 1-2 градусқа (норма: -11,8-14,0°С) жоғары.
Бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде -27-32°С-тан, облыстың оңтүстігінде -22°С-тан -5-10°С-қа, облыстың солтүстігінде -15°С-қа дейін, күндіз -17-22°С-тан, облыстың оңтүстігінде -12°С-тан 0,-5°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -5-10°С-тан, облыстың солтүстігінде -15°С-тан -13-18°С-қа, облыстың оңтүстігінде -8°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқуы ықтимал.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -20-25°С-қа, облыстың оңтүстігінде -17°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде -15-20°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде -25°С-қа дейін, күндіз -7-12°С дейін төмендеуі мүмкін.
Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында күтіледі (норма: 14-30 мм). Қар, бұрқасын, көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел бір ай бойы жиі болуы ықтимал. Екінші онкүндіктің соңында тұман түсуі мүмкін.