Желтоқсанда Астанада 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының аясындағы бесінші кешен пайдалануға тапсырылады
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының аясындағы салынып жатқан бесінші кешен осы жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.
Бұл туралы елорда әкімі Иманғали Тасмағанбетовтың блогында хабарланған.
«№5 кешен осы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс. Қазір осы нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Нысандардың уақытында тапсырылуын Астана қаласы құрылыс басқармасы қадағалайтын болады», - дейді әкім.