Желтоқсанда «Бауыржан Момышұлы» көркем фильмі көрерменге жол тартады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Желтоқсан айында «Бауыржан Момышұлы» көркем фильмінің бірінші бөлімі «Хабар» телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлады телеарнаның ресми порталы.
None
None

«Режиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы көркем фильм түсіруде. Авторлар көрермен назарына Кеңес Одағы батырының генерал Панфиловпен танысып, батальон командирі болған кезіне дейінгі тарихи өмір жолын ұсынбақ», - делінген хабарламада.

Фильм сюжеті Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесі негізінде өрбиді. «Волоколамск тас жолының» жазылуына Бауыржан Момышұлының өзі тікелей қатысқандығы белгілі. Сондықтан да, менің ойымша, фильмде барынша шынайы тарих ұсынылатын болады», - деді режиссер.

Басты рөлде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актері Еркебұлан Дайыров ойнайды. Ал Б.Момышұлының әйелінің рөлін еліміздегі танымал актриса Әсел Сағатова сомдаса, генерал Панфиловтың рөліне Виктор Ашанин бекітілген.

Соңғы жаңалықтар