Желтоқсанда еліміздегі орташа жалақы көлемі 174 мың теңге болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда бір жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысының мөлшері 174 642 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде, биылғы жылдың қазанында тұрғындардың бір айдағы жан басына шаққандағы ақшалай шығындарының орташа көлемі 95 152 теңгені құраған. Тұрғындардың ақшалай табысы 2017 жылғы қараша айымен салыстырғанда 0,9 пайызға, нақты алғанда 6,3 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар
telegram