Желтоқсанда еліміз бойынша 400-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылған

АСТАНА. KAZINFORM - Өткен сенбі-жексенбі, 28-29 желтоқсан күндері Қазақстанда биылғы жылдың соңғы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмекелері өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

жәрмеңке
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстандықтар 2 мың тоннадан астам азық-түлік, 209 120 дана жұмыртқа сатып алған. Шымкентте өткен жәрмеңкелерге 140 000 дана жұмыртқа сатылымға шығарылса, 136 000 данасы 52-55 теңгеден сатылған. Сондай-ақ шымкенттіктер 90 теңгеден 4000 дана нан сатып алған.

Ал Түркістанда өткен жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорындағы ӘМАТ тауарларының барлық 19 түрі сатылды. Онда жұмыртқа бағасы 40 теңге, күнбағыс майының литрі 520 теңгеден сатылды. Жәрмеңкеге 700 келі ұн шығарылса, келісі 190 теңгеден тұтастай сатылған. Ал қызылордалықтар 500 келі қысқы қарбыз сатып алған. Бұл өнімнің келісі жәрмеңкеде 120 теңгеден саудаланған.

Желтоқсанда елде 400-ден астам ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрмеңкелер сауда заңнамасына сай өткізіледі және ондағы баға нарықтағы бағадан 10-15% арзан.

Осыған дейін Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі өтіп жатқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар