Желтоқсанда кәсiпорындар мен ұйымдарға 58 мың адам қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр желтоқсандағы деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 58 мың адам қабылданды, сондай-ақ түрлі себептермен 75,6 мың адам жұмыстан кетті.

Желтоқсанда кәсiпорындар мен ұйымдарға 58 мың адам қабылданды

«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 75,8%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 5,5%, басқа себептер бойынша - 18,7% құрады», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Ағымдағы жылғы желтоқсанда жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 1,8%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,8% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 76,7% қамтыды.