Желтоқсанда «Қазақмыстың» екінші пеші іске қосылады- Ерлан Қошанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда жылына 600 млн доллар болатын экспорттық пайда әкелер «Қазақмыстың» екінші пеші іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсанда «Қазақмыстың» екінші пеші іске қосылады- Ерлан Қошанов

«Біздің облыс - еліміздегі жетекші индустриялық аймақ болып қала береді. Өнеркәсіп - Қарағанды облысы экономикасының жарты үлесін құрайды. Биыл өнеркәсіпті дамытуда маңызды жетістіктердің бірі - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Арселор Миттал Теміртау» жұмысын жаңғырту болып табылады. Бұл салаға салынған инвестиция үш жылдың ішінде 305 млрд теңгеге дейін өсті», - дейді Ерлан Қошанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысының айтуына қарағанда, өнеркәсіп саласына салынған инвестиция құрылғыларды жаңартып, металлургтер мен шахтерлардың айлығын көтеруге, экологияны жақсартуға жол ашпақ.

«Қазақмыс» бойынша өндіріс қуаттылығын айтарлықтай арттыру көзделіп отыр. Жезқазғандық зауыт керек десеңіздер, соңғы он жыл бойы өзінің мүмкіндіктерінің жартысын ғана қолданып келеді. Міне, осы жылдың 12 желтоқсанында біз ондағы екінші пешті іске қосқалы отырмыз. Ол қосымша 100 мың тонна мыс өндіруге мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз - 600 млрд доллар экспорттық пайда деген сөз», - деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетсек, аталмыш брифингте Ерлан Қошанов облыстағы туризм саласын өркендету жұмысы және Қарағандыны қалайша миллион тұрғыны бар айналдыру жұмысы жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.