Желтоқсанда Қазақстанда 7 ірі индустриялық жоба іске қосылады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Қазақстан Индустрияландыру картасының 7 ірі жобасы іске қосылады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті. «2013 жылға 500 миллиард теңгенің 140 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл бағытта 13 мың жұмыс орны құрылады»,-деді министр. Ә. Исекешев Үкіметтің бақылауында тұрған маңызды жобаларды уақтылы салып, іске қосу маңызды екенін айта келе, биылғы жылы Индустрияландыру картасының 7 ірі жобасы іске қосылатындығын, яғни биылғы желтоқсанда пайдалануға берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар министр ағымдағы жылы барлық индустриялық жобаларға бағытталған инвестиция көлемі 1,5 трлн. теңгені құрайтындығын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар