20:18, 20 Қараша 2015 | GMT +5
Желтоқсанда Мәскеуде ЕАЭО Жоғары экономикалық кеңесі мен ҰҚШҰ саммитінің отырысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсан айында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) және ҰҚШҰ саммитінің отырысы өтеді, деп хабарлады ТАСС ресейлік лидердің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап.

"Желтоқсанда Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы мен жоғары деңгейде ҰҚШҰ саммитінің отырысы өткізіледі деп жоспарланған", - деді Ю.Ушаков.