Желтоқсанда жолаушы тасымалдауға бүкіл теміржол паркі жұмылдырылады - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мейрам күндері жолаушы тасымалдау ісі қалай жүріп жатыр? Бұл жөнінде «Жолаушы тасымалы» АҚ өкілдері айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсанда жолаушы тасымалдауға бүкіл теміржол паркі жұмылдырылады - ҚТЖ

 «Желтоқсандағы мейрамдарды ескере отырып, қосымша 250 вагон рельске шығарылды. Бұл вагондар 50 мың жолаушыны тасымалдауға арналған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жолаушы тасымалдауға теміржол паркі 100 пайыз жұмылдырылды деуге болады. Сұранысқа байланысты әртүрлі бағыттарды қамтуға тырыстық. Дегенмен, вагон жетіспеушілігі туындайтын кездер болатынын мойындаймыз», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ клиенттермен және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бағытының жетекшісі Данияр Айдарханов.

Оның сөзіне қарағанда, теміржол көлігін 10 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Адамдар көліктің осы түрін көбіне мейрам күндері және жаз кезінде таңдайды. 

«Қосымша вагондарды сатып алудың реті болмай тұр, себебі олар жай күндері босқа қаңтарылып тұрады. Сәйкесінше, оларды күтіп ұстауға қосымша қаржы қажет болады», - деп түсіндірді Д. Айдарханов.

Айта кетейік, мейрам күндері әлеуметтік желіде вагондарға адам сыймай, қиындықтар туындағаны жайлы шағымдар жиі кездеседі.