Желтоқсаннан бастап «Астана-Бурабай» автомагистралі ақылы болуы мүмкін

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат -  ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Астана-Бурабай» автомагистралін ақылы етуді жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы  Нұрланбек Өмірбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Бүгінгі күні желтоқсан айына қарай жоспарланған ақылы автожол бойынша қажетті шаралар жүріп жатыр», - деп атап өтті комитет төрағасы. Оның айтуынша, жолдың ақысы әзірше әрбір жүріп өтілген жолдың шақырымына жеңіл көліктер үшін 1 теңгеден, ал жүк машиналары мен автобустар үшін 5-тен 15 теңгеге дейін белгіленуі мүмкін. Бұдан бөлек, жақын маңдағы өңірлер тұрғындары мен осы автомагистралды жиі пайдаланатындар үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар