Желтоқсанның 1-нен бастап жоғары октанды бензиннің бағасы 82 теңгеден болады - С.Мыңбаев

А. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы желтоқсанның 1-нен бастап барлық жанар-жағармай стансыларында жоғары октанды бензиннің бағасы 82 теңгеден болмақ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазіргі кезде республика бойынша жоғары октанды бензиннің бағасы 88 теңге. Әрине, желтоқсанның 1-нен бастап кейбір жанар-жағармай стансылары үшін осы санаттағы бензиннің бағасы арзандайды. Ал «Гелиос» үшін оның бағасы керісінше көтеріледі. Енді, 5 күннен кейін барлық аймақтарда жоғары октанды бензиннің бағасы 82 теңгеден болмақ»,  деді С.Мыңбаев.

 Министр атап көрсеткендей, бүгінгі таңда елімізде жоғары октанды бензиннің тапшылығы 37,5 тоннаны құрап отыр. Оны импорт арқылы өтеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар