Желтоқсанның 12-сінде Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндері шарықтайды

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Желтоқсанның 12-сі күні Астанада қазақтың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың әндері шарықтайды.
None
None

Конгресс-холл сарайында танымал өнер шеберлерінің қатысуымен бір күнде екі (сағат 15-00-де және 19-00-де) концерт өткізілмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы шараны ұйымдастырушы, Шәмші Қалдаяқов  атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры, сазгер Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, Астанадада өтетін ән кешінде өнер иелері халық сүйетін шығармаларды жанды дауыспен орындайды. Бұл кешке Алматы қаласында тұратын белгілі әншілер шақырылып отыр. Сонымен қатар Астанадағы көрермен қауымға жақсы танылып жүрген дарынды жастар да Шәмші  әндерін шарықтататын болады.

Соңғы жаңалықтар