Желтоқсанның 23-і күні «Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Желтоқсанның 23-і күні  Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл басылымның бастауы - «Ұшқын» газеті 1919 жылы желтоқсанның 17-сі күні Орынбор қаласында жарыққа шықты. Кейін газет жылдар өте келе «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» аталды. 1991 жылғы маусымнан «Егеменді Қазақстан» болса, ал 1993 жылдың қаңтарынан бастап «Егемен Қазақстанға» айналды!

Осы газетте Халел Есенбаев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов,  Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов,  Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров сынды халқымыздың біртуар ұлы тұлғалары Бас редактор қызметін атқарып, еселі еңбек етті.

«Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар