Желтоқсанның 25-інде Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында президенттік шыршалар өтеді

АСТАНА.  Желтоқсанның   23-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 25-інде   бір мезгілде Астана,  Алматы   қалаларында және  барлық облыс орталықтарында   Елбасының атынан  жаңажылдық   шыршалар  өтеді.  Бұл туралы   Мәдениет және ақпарат министрлігі  таратқан  ақпараттан  мәлім  болып  отыр.

Желтоқсанның 25-інде   Астана,  Алматы   қалаларында және  барлық облыс орталықтарында   президенттік  шыршалар  өтеді

Жаңажылдық мерекелерге   балалар   үйлері мен   интернаттардың  тәрбиеленушілері,    мүгедек  балалар,  тұрмысы төмен және  көпбалалы  отбасының  балалары,   сондай-ақ  еліміздің   үздік оқушылары   қатысады.