Желтоқсанның 27-сінде Өзбекстанда парламенттік сайлау өтеді - республиканың Орталық сайлау комиссиясы

КЕНТ.  Қыркүйектің  17-сі. ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -    Желтоқсанның 27-сінде  Өзбекстанда парламенттік  сайлау  өтеді.

Желтоқсанның 27-сінде  Өзбекстанда парламенттік  сайлау  өтеді -     республиканың Орталық сайлау комиссиясы

Бұл туралы      Өзбекстанның Орталық  сайлау комиссиясының  төрағасы Мирза-Улугбек  Абдусаломов    бейсенбі  күні брифингте  хабарлады.

Оның айтуынша, Олий Мәжілістің  заң шығарушы  палатасына,    сондай-ақ   аудандық және   қалалық   халық депутаттары   кеңестеріне  депутаттар  сайлау  науқанын бастау пәрмені   ағымдағы жылы қыркүйектің   22-сінде    берілетін  болады.  Орталық сайлау комиссиясының    мәжілісінде  осындай  шешім қабылданды.

Олий Мәжілістің заң  шығарушы   палатасына  депутаттар  спйлау  үшін  135 сайлау  округі  құрылуда.   Сайлауалды  үгіт-насихат     шаралары депутаттыққа   кандидаттар үшін, Орталық  сайлау комиссиясына   тіркелген   күннен  бастап, яғни     2009 жылғы    қарашаның   22-сінен басталады.