Желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның бірқатар аймағында жел тұрып, тұман, көктайғақ болады - синоптиктердің болжамы

АСТАНА. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін, желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның басым аймағы төмен атмосфералық қысым және онымен байланысты болатын атмосфералық ағымдар өрісінің ықпалында болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Мәселен, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысының кей аумақтарында көктайғақ болады деп күтілуде.

 Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Ақтөбенің кейбір аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

 Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан аймақтарында - кей жерлерде бұрқасындатып, секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. Қарағандыда, күндіз Ақмола облысының кей аумағында көктайғақ болуы ықтимал.

 Алматы облысының кей жерлерінде тұман сақталады, Жалаңашкөл аумағында 20-25 м/с жылдамдықта, кей уақыттары 28 м/с-қа дейін жел соғады.

Соңғы жаңалықтар