Жеміс-жидек контрабандасының жолы кесілді
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы аталмыш ведоствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы Қытай елінен Алматы қаласына бадам, кешью, соя бұршағы, крахмал, пісте, кептірілген алмұрт, шабдалы, шие, сүрленген балық, кәмпит секілді азық-түлік тауарын алып кіргізген. Алматы кеденшілері аталмыш тауарларды кедендік тексеруден өткізу кезінде азық-түліктердің жалпы салмағы декларацияда көрсетілген салмағынан асып кеткен.
Кедендік декларациядан өткізілмеген тауардың кедендік құны - 11 382 701 теңгені құраса, Республикалық бюджетке төленетін кедендік төлемдер мен салықтар құны - 3 533 287 теңгені құрады.