Жемістер мен көкөністердің орнын алмастыратын ұнтақ ойлап табылды

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Шөп-шаламды ұнатпайтындар үшін жағымды жаңалық - Испанияның Валенси қаласындағы Политехникалық университеттің ғалымдары азық-түліктерді кептіріп тоңазытудың амалын ойлап тапты.
None
None

Оның барысында барлық пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, азық-түліктер ұнтаққа айналады. Бұл туралы  The Daily Mail хабарлады.

Мамандардың айтуынша, аталмыш ұнтақты сүтке немесе суға қосып, оларды көкөніс немесе жеміс шырынына айналдыруға болады. Сондай-ақ оларды тағамдардың бетіне себу үшін пайдалануға болады. Жобаның барлық қатысушылары ғалымдардың өнертабысына қатысты оң пікірлерін білдірді. Өйткені енді көкөністер мен жемістердің бір тәуліктік мөлшерін (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша бір тәулікте тұтыну нормасы 400 грамды құрайды) алу анағұрлым оңайлады. Онымен қоса оларда жүрек ауруларына, қант диабетінің екінші түріне, семіздік пен инсультке шалдығудың қаупі азайды.

Зерттеулер барысында сарапшылар грейпфрут, киви мен бүлдіргенді ұнтаққа айналдырды. Өздерінің таңдауларын ғалымдар, олардың құрамында көп мөлшерде судың болуымен және тез шіру үдерісімен түсіндірді.

Авторлардың мәлімдеуінше, 100 грамм жаңа піскен грейпфруттан 10-15 грамм ұнтақталған грейпфрутты алуға болады. Оған 85 мл суды қосқанда оның көлемі жарты грейпфруттан шығатын шырынға тең болады.

Соңғы жаңалықтар