Жемқорлар «халық жауы» атануы тиіс - ауған ардагерлері
«Әділетсіздікке, өтірікке, жалқаулыққа, сүреңсіз қылықтар мен әрекеттерге, ұлтшылдыққа және нәсілшілдікке төзімсіздік қасиеттерін жас буынға үйретуіміз керек. Жемқорлар мен парақорларға қырғи-қабақ танытуға шақырамыз. Егер мемлекеттік шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталса, жемқорлығы сотпен дәлелденсе, мемлекеттің беделіне нұқсан келтірсе, онда оны - халық жауы атауымыз шарт. Әрбір адам өзіне берген міндетке жауапкершілік танытуы тиіс. Жемқор - ақыл парасаты кем әрі өз жанын сатқан адам», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында.
Оның сөзі бойынша, патриотизмнің негізі - Отанға деген сүйіспеншілік, кез келген уақытта оған жанын пида етуге даяр болу, ішкі рухани және дененің саулығы.
«Жеке мәдениетіңді және біліміңді шыңдау арқылы, адалдыққа, шындыққа, ерлік пен батылдыққа талпыну, әрдайым білім ағарту - патриоттық сезімдердің пәктігі мен кеңдігін түйсінуге болады, Отан үшін жасап жатқан істеріңнің маңыздылығын ұғынасың», - деп атап өтті ол.