Жемқорлар мен педофилдерге өмір бойғы тыйымдар қарастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлар мен педофилдерге өмір бойғы тыйымдар қарастырылады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында ҚР Бас прокурор орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.

Жемқорлар мен педофилдерге өмір бойғы тыйымдар қарастырылады

«Кодекс жобасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекеттерге қарсы қабылданатын шара ретінде шенінен, рангісінен, мемлекеттік наградаларынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру секілді міндетті қосымша жазалар түрлері енгізіледі. Бұл ретте жемқорлық қылмысқа барғандарға мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынады. Дәл осындай жаза кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға көзделеді және ондайлардың балалармен жұмыс жасауына өмір бойғы тыйым салу қарастырылады», - дейді И. Меркель.