Жемқорлардың мүліктерін тәркілеу керек - Сергей Миронов

«Мүліктерді тәркілеуді енгізу керек. Мен тек жемқордың ғана емес, оның отбасы мүшелерінің де мүліктерін тәркілеуді енгізер едім. Декларацияны тек әйеліне, кәмелетке толмаған балаларына ғана емес, барлық жақын туыстарына - ата-анасына, бауырларына да толтырулары керек»,- деп мәлім етті С.Миронов.
Сондай-ақ адамдарды жұмыс істету үшін, бәсекелестік тек экономикада ғана емес, саясатта да болуы керек. Бізде билікте бір ғана партия болғандықтан, шенеунік сол партияға кіреді де, жеңілдіктерге ие болдым деп санайды. Бұл дұрыс емес. Басқа әлеуетті үміткерлер шенеуніктің ізін басып тұрулары керек, сонда ғана ол оңды-солды әрекеттері үшін қызметінен ұшатынын, салық төлеушілер, яғни халық төлеп отырған жалақы үшін міндетті қызметін атқармаса, орнынан кететінін түсінетін болуы керек», дейді С.Миронов.