Еліміздегі жемқорлықтың 80%-ы мемлекеттік сатып алумен байланысты – Мәулен Әшімбаев

Мәулен Әшімбаев
Фото: senate.parlam.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Жемқорлық құқық бұзушылықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында болады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Оның атап өтуінше, жемқорлық құқық бұзушылықтың басым бөлігі мемлекеттік сатып алумен байланысты болып отыр.

«Статистикалық деректерді сараптау аясында еліміздегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың 80 пайызы мемлекеттік сатып алумен байланысты екенін көріп отырмыз. Осыған орай, мұндай құқық бұзушылықтарды қысқарту үшін іс біткен соң емес, алдын орай жұмыс істейтін мониторинг жүйесі, бақылау жүйесі қажет. Егер депутаттар қолдап жатса, онда бұл Заң сондай жүйені құруға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Сенат спикері.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мақұлданды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram