Жемқорлық әрекеттерімен ұсталған шенеуніктердің істері сотқа жолданды - апталық брифинг

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцев пен оның орынбасары Әмірхан Кеншімовке қатысты қылмыстық іс аталмыш азаматтарды сотқа беру жөніндегі мәселені шешу үшін прокуратураға жолданды.

Жемқорлық әрекеттерімен  ұсталған шенеуніктердің  істері сотқа жолданды - апталық брифинг

Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің мәліметтеріне қарағанда, Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығы Е.Қабылдиннің, «Жылу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Тамабаевтың, «Пәтер бюросы» акционерлік қоғамының жетекшісі Е.Түктібаевтың және "Қарағанды Бақыт-Мұнай" ЖШС-нің  жетекшісі А. Жаныбаевтың істері сотқа жолданды. «Қылмыстық істердің материалдары «Сарыарқа» аудандық сотында қаралуда», деді М.Жұманбай.