Жемқорлық жалпы қоғам үшін адам төзгісіз болуы тиіс -Елбасы
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жемқорлық жалпы қоғам үшін адам төзгісіз болуы тиіс. Бүгін Астанада ашылған Жемқорлыққа қарсы халықаралық конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тіпті пара алу керек пе, жоқ па деген ой әрбір азаматтың сана-сезімінде әп-сәтте жиіркеніш шақыруы тиіс. Бұған қол жеткізу бәрінен де қиын. Себебі бұл жерде құқықтық мәдениеттің барынша жоғары деңгейі мен белгілі бір тәжірибе жайында сөз болып отыр. Бұған азаматтарды бала-шағынан бастап тәрбиелеу қажет», деді Н. Назарбаев.
Елбасының пікірінше, осы игілікті жұмыста мемлекет азаматтық қоғаммен, париялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тізе біріктіре отырып алға жылжуы тиіс.