03:41, 25 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Қызылорда өңірінде болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Сапар барысында агенттік төрағасының орынбасары «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен мемлекеттік қызметке кіру, құқық қорғау органдарына кадр дайындау, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, сонымен қатар, облысымызда мемлекеттік мекемелер жұмысына қатысты мәселелер төңірегінде сауалдар қойды.
Өз кезегінде Шпекбаев тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген кейбір мәселелердің заң аясында қаралатынын жеткізді.
Жеке қабылдаудан кейін Агенттік Төрағасының орынбасары Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, мекеменің жұмысымен танысты.