Жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданады - Рысқали Әбдікеров

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатінің депутаты Рысқали Әбдікеров Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданады - Рысқали Әбдікеров

«Өзім құқық қорғау органдары комитетінен болғаннан соң, Президенттің жемқорлықа қарсы күрес туралы айтқан сөзін толық құптаймын»,-дейді сенатор.

Оның айтуынша, жылдың соңына дейін жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданатын болады. Ал мұның алдында бұл мәселе алдымен талқылаудан өтпек.

«Сондықтан да бүгінгі таңда, Жолдауда айтылған іс-шараларды жүзеге асыру және қажетті заңдарға тез арада өзгеріс еңгізуді депутат корпусының басты мақсаты деп санаймын»,- деді Р.Әбдікеров.

Автор: Думан Арғынгелді