Жемқорлықпен күрес: Тұрғындар қай мекемелердің жұмысына көп шағымданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры қазақстандықтар көбінесе қай мекемелердің жұмысына шағымданатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық диалог» порталын талдау нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, ішкі істер, қаржы, денсаулық сақтау, әділет, еңбек және әлеуметтік қорғау, цифрлық даму министрлерінің, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының блогтарына сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты жиі жолдайтынын көрсетті. Өңірлік бөліністе шағымдар Алматы, Павлодар облыстары және Алматы қаласы әкімдерінің блог-платформаларына жиі түскен», - дейді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян.

Оның айтуынша өтініш берушілер полицияның, аудан әкімдіктерінің, мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың, салық органдары мен жеке сот орындаушыларының жұмыс сапасына наразылық білдірген.

«Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік органдардың өтініш берушілердің мәселелерін қараудағы әрекетсіздігі, қызметкерлердің біліксіздігі және мемлекеттік дерекқорлардағы техникалық қателер мен қате мәліметтердің болуы - шағымдардың негізгі себептері болған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар