«Женева-2»: Сирия билігі мен оппозиция арасындағы кездесу кейінге шегерілді
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін басталуы тиісті Сирия билігі мен оппозиция арасындағы екіжақты келіссөздер белгісіз уақытқа кейінге шегерілді. БҰҰ және Араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахимидің қатысуымен өтуі тиісті мұндай кездесуге оппозиция тарапы қарсылық танытуда.
Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Сирия президентінің кеңесшісі Бусейн Шаабан мәлім еткен.
«Біз бүгін келіссөздер үдерісін бастауға тиісті едік. Алайда, таңертең Брахими қоңырау шалып, оппозицияның бұған дейін жоспарланған кездесуден бас тартып отырғандығын хабарлады», - деді ол.
Шаабанның атап өтуінше, қазіргі уақытта Брахими Сирия оппозициясының өкілдерімен және ел үкіметімен жеке-жеке кездесулер өткізуде.
«Осдан кейін ғана біз процестің одан ары қалай жалғасатын білетін боламыз», - деді ол.